Өскеменде бір аптаға кей көшелер уақытша жабылады
Облыс орталығында велоспорт апталығы басталды

Осыған байланысты кей көшелерде уақытша көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілішісі.
23-29 маусым аралығында Өскемен қаласында Республикалық шоссе велоспортынан жарыстар өтеді. Бұл - еліміздің үздік спортшылары қатысатын үлкен спорт мерекесі.
Жарыс күндері Сәтпаев даңғылы, Есенберлин даңғылы мен әл-Фараби көшесіндегі жолдар уақытша жабылады.
Жол қозғалысына шектеу қойылатын уақыттар:
- 23 маусым 09.00–15.00
- 24 маусым 09.00–14.30
- 25 маусым 09.00–13.30
- 26 маусым 08.30–16.30
- 27 маусым 09.00–15.00
- 28 маусым 06.30–13.30
- 29 маусым 06.30–16.00
Велоспорт апталығы аясында ұлттық чемпионат, жастар ойындары, паралимпиадашылардың VII спартакиадасы, Masters санатындағы ардагерлер чемпионаты өтеді.