Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +33°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +34°
$
542.66
+3.17
631.98
+4.28
¥
75.54
+0.44
6.77
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде бақылау күшейді: жол ақысын төлемегендерге 7864 теңге айыппұл салынады

Өскемендегі қоғамдық көліктерде бақылаушылар жүр, олар жолаушылардың жол ақысын төлеген-төлемегенін тексереді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде бақылау күшейді: жол ақысын төлемегендерге 7864 теңге айыппұл салынады
Фото:
instagram/cupp.oskemen

Бақылаушылар арнайы қара-сары желет киіп, заң бұзғандарды видеоға түсіретін бейнетіркегішпен жүреді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілішісі.

Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығының бақылау-желілік бөлімінің (БЖБ) жұмысын қайта жанданды. Енді күнделікті қоғамдық көлікте БЖБ бақылаушылары жолаушылардың жол ақысын төлегенін тексеріп, қоғамдық көлікте жол жүру ережелерін сақтауын бақылайтын болады, - деп мәлімдеді "Өскемен қаласы ЖТБО" ЖШС. - Бақылаушылардың аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы көрсетілген төсбелгі түріндегі айрықша белгілері бар, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды тіркеуге арналған бейнетіркегіштері, жол ақысын тексеруге арналған мобильді көлік терминалдармен жабдықталады.

"Жолаушылар тасымалын басқару орталығы" жолаушыларға жол ақысын көлікке мінген бойда бірден төлеу қажеттігін еске салады. Сондай-ақ автобусқа отырмай тұрып, картаны немесе виртуалды картаны алдын ала толтыру қажеттілігіне назар аударады.

Жол жүру ақысын көлік картасымен/ мобильді қосымшаның көмегімен/ көлік коды бойынша/ SMS немесе қолма-қол ақшамен төлемеген жолаушы билетсіз болып табылады. Жол жүруді валидациялау үшін картаны көлік ішіндегі валидаторлардың біріне қосу қажет. Жеңілдікпен жол жүру құқығы бар азаматтарға атаулы физикалық карта қажет, жеңілдікпен жол жүру дербестендірілген көлік карталары бойынша жүзеге асырылады, - деп ескертеді орталықтағылар.

Жол ақысын төлегенін растайтын құжат (түбіртек, билет, карта) болмаған жағдайда жолаушыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 622-бабына сәйкес жол жүру ақысын төлеуден бас тартқаны үшін айыппұл қарастырылған. Яғни, 2 АЕК (7864 теңге) төлеуге міндеттеледі.

БЖБ қызметкерлерінің жұмысына байланысты барлық мәселелер бойынша жолаушылар "Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығына" Қазақстан көш., 154 мекенжайы бойынша хабарласа алады. Instagram парақшасы: @cupp.oskemen.

Следующая →