Өскемендегі №1 аурухананың гинекология бөлімінде күрделі жөндеу жүргізілді
40 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген ауруханада былтыр күрделі жөндеу жұмыстары басталған

Ауруханының электр және желдету жүйесінен бастап, палаталардағы шақыру батырмаларына дейін барлығы жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Күні кеше медициналық нысанның гинекология бөлімшесі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Оған "Қазцинк" компаниясы қолдау білдірген. Гинекологиялық бөлімшені жөндеу барысында пациенттердің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар ескерілді: инженерлік желілер ауыстырылды, палаталар жаңартылды, қызметкерлерге жағдай жасалды.
Жалпы Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығының инфрақұрылымы мен қызмет сапасына халық шағымы көп еді. Сондықтан облыс әкімі тапсырмасы бойынша орталықты кезең-кезеңімен жаңғырту бойынша жоспар бекітілген.
Бұл жұмыстар "AMANAT" партиясының Партиялық бақылау комиссиясының тұрақты бақылауында болды.