Крылов көшесіндегі көпірде жөндеу жұмыстары басталады
Осыған байланысты Крылов көшесінен Астана көшесіне шығатын жол жабылады

Фото:
instagram/otdel_zhkh_yk
Жөндеу жұмыстары ертең басталып, 23 маусымда аяқталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
14-23 маусым аралығында Крылов көшесінің бойындағы көпірдегі жол жамылғысын орташа жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты Крылов көшесінен Астана көшесіне шығатын көпір жолы жабылады, - деп ескертті Өскемен қаласының ТҮКШ бөлімі.