Осы аптада Өскеменде трамвайлар жүрмейді
Трамвай қозғалысы кеше кешке тоқтаған, енді дүйсенбі күні ғана қатынай бастайды

Оған темір жолды ауыстыру себеп, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Трамвай жолдарын ауыстыру бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы жолда дыбыссыз өткел орнатуға байланысты 12 маусым сағат 20.00-ден бастап барлық бағыттар бойынша трамвай қозғалысы толығымен тоқтатылады, - деп хабарлады "Өскемен қаласының көлік компаниясы" ЖШС.
Компания дүйсенбі, 16 маусымда, барлық бағыттардағы трамвайлар жоспарлы жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.