Өскемен
малооблачно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +31°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +32°
$
542.29
-0.37
629.54
-2.44
¥
75.44
-0.10
6.77
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қатонқарағай ауданында этноауыл бой көтеріп, этно қонақ үй салынады

Одан өзге, Өскемен қаласында этномейрамхана мен этнокофехана ашылады

Усть-Каменогорск и ВКО / Қатонқарағай ауданында этноауыл бой көтеріп, этно қонақ үй салынады
Фото:
pexels

Бұл жобалар инвесторлардың көмегімен жүзеге аспақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендер мен туризмді дамыту аясында бірнеше инвестжоба жоспарланған. Мәселен, Катонқарағай ауданында этноауыл мен этно қонақ үй, ал облыс орталығында этномейрамхана мен этнокофехана салынбақ.

Инвесторлардың көмегімен "Сандық" этномейрамханасы мен "TARY" этнокофеханасын салу көзделуде. Этномейрамхананың ашылуы ұмыт болған дала асханасының мәзірін қайта жаңғыртуға, пайдалы тағамдарды әзірлеу дағдыларын дамытуға және жалпы халық дәстүрінің тереңіне үңілуге мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. - Ал қазақ асханасына тән этнокофехананың ашылуы – өзінің мақсат-міндеттері бойынша мүлде жаңа жоба. Бұл жоба пайдалы сусындарды дайындауға бағытталған. Мәселен, кофе дәндерінің орнына өңделген тары, сондай-ақ Шығыс Қазақстанның жидектері мен шөптері пайдаланылатын болады.

Сырымбек Тау

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, облыста отандық және шетелдік туристерді тартуға қолайлы жағдай жасау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Следующая →