Өскемен
облачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +27°
  • Шымкент
    +28°
$
543.24
619.89
¥
75.33
6.78
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде 17 залы бар кинотеатр салынады

Жаңа кинотеатр Есенберлин және Қазбек би даңғылдарының қиылысында орналаспақ

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде 17 залы бар кинотеатр салынады
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Одан өзге, Зайсан және Тарбағатай аудандарында да кинотеатр мен фудкорты бар кешендер ашылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында шекара маңындағы аудандар мен алыс ауылдық елді мекендерді, сондай-ақ туризмді дамыту аясында бірнеше демалыс және тынығу нысандарын салу жоспарлануда.

Инвесторлардың көмегімен шекара маңындағы Зайсан және Тарбағатай аудандарында кинотеатр, және фастфуд орны бар кешендер бой көтермек, - деп мәлімдеді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. - Ал Өскемен қаласының сол жағалауында, Есенберлин және Қазбек би көшелерінің қиылысында жаңа кинотеатр салынады. Онда 17 зал болады және 2050 көрерменді қабылдай алады. Кинотеатр заманауи жабдықтармен және технологиялармен – лазерлік проекциямен, "Dolby Atmos" аудиожүйесімен, "Euroseating" креслоларымен және басқа да жаңалықтармен жабдықталады. Мұнда көрермендерге кең ауқымды фильмдер таңдауы ұсынылады: қазақстандық туындылар, авторлық кино, балаларға арналған фильмдер, блокбастерлер және т.б. Сонымен қатар, кинотеатрда әртүрлі форматтағы залдар болады. Мысалы, премьералық залда қазақстандық фильмдердің премьералары танымал актерлер мен режиссерлердің қатысуымен өтеді.

Ал жайлылық пен тыныш атмосфераны бағалайтын көрермендер үшін кинотеатр аумағында орналасқан отбасылық мейрамхананың қызметін пайдалана алатын премиум залдар ұсынылады. Тамаққа залдан шықпай-ақ, арнайы мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруге болады.

Сонымен қатар, қала тұрғындарының жайлылығы үшін кинотеатр аумағында автотұрақ пен саябақ аймағы да салынады.

Следующая →