Өскемен
малооблачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +29°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +30°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +26°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +33°
$
518.37
-0.92
609.97
-3.31
¥
72.31
-0.20
6.6
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да қайтарылған активтер есебінен 7 әлеуметтік жоба салынуда

Прокуратура органдары активтерді қайтару және оларды заңды экономикалық айналымға одан әрі тарту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда

Усть-Каменогорск и ВКО /  ШҚО-да қайтарылған активтер есебінен 7 әлеуметтік жоба салынуда
Фото:
instagram/shko_prokuratura

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет республика аумағында 333 әлеуметтік нысанның құрылысын мақұлдады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО прокуратурасының ақпаратына сүйенсек, 7 әлеуметтік жоба іске асырылуда: денсаулық сақтау саласында Өскемен қаласында – гематология орталығы, Риддер қаласында – аурухана кешені, Шемонаиха ауданының Волчанка ауылында – дәрігерлік амбулатория, Ұлан ауданының Асубұлақ кентінде, Бозанбай, Отрадное ауылдарында және Шемонаиха ауданының Үлкен Өзен ауылында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту.

Мысалы, Риддер қаласындағы қазіргі аурухана 70 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Аурухана қала тұрғындарына, қала маңындағы 8 ауылға және Глубокое ауданының Черемшанка ауылының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Мекеменің корпустары қаланың әртүрлі бөліктерінде орналасқан, бұл азаматтарға қызмет көрсету үшін қолайсыздықтар туғызады. Активтерді қайтару бойынша жұмыс аясында өткен жылы Арнайы мемлекеттік қордан осы аурухананың құрылысын аяқтауға қаражат бөлінді. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Бұдан бөлек, Ұлан ауданының Асубұлақ кенті мен Отрадное, Бозанбай ауылдарында өңірдің 3,6 мың тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жобалар іске асырылуда.

Следующая →