Енді жүргізуші куәлігін алу үшін 073/е қағаз анықтаманың қажеті жоқ
Медициналық анықтама ХҚКО ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі

Өйткені "Азаматтарға арналған үкімет" МК Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл жаңашылдық өтініштерді қарау мерзімін жеделдетуге, жалған құжаттарды ұсыну жағдайларын болдырмауға және жүргізуші куәлігін алу рәсімінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Аталған бастама ауқымды цифрлық трансформацияның бір бөлігіне айналды және бұл мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды оңтайландыру арқылы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған, - деп түсіндірді "Азаматтарға арналған үкімет" МК ШҚОФ баспасөз қызметі.
Айта кету керек, жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталмай тұрып ауыстырылған жағдайда, медициналық тексеруден өту талап етілмейді. Сондай-ақ, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлерден анықтама ұсыну қажеттілігі жоқ.