Өскемен
малооблачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +28°
  • Ақтөбе
    +33°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +30°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +25°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +33°
$
511.92
588.91
¥
71.27
6.44
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімі Ертіс көпірі астындағы жол құрылысын шұғыл аяқтауды тапсырды

Өскемендегі Славский жағалауы заманауи үлгіде абаттандырылып, Қазақстан көшесінде демалыс аймағы салынуда

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО әкімі Ертіс көпірі астындағы жол құрылысын шұғыл аяқтауды тапсырды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

ШҚО әкімі қаладағы абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан көшелерді аралады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"АДК" сауда үйі маңындағы Ертіс көпірінің астындағы кеңістік (2329,24 шаршы метр аумақ) толықтай абаттандырылмақ.

Бұл жерде воркаут аймағы мен балалар алаңында шағын архитектуралық формалар, теннис үстелдері, сегізбұрышты ринг, ашық киіну бөлмесі, дизайнерлік трибуналар, орындықтар және қоқыс жәшіктері орнатылады.

Бұл – біздің ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келетін жастар үшін сүйікті демалыс орны. Сондықтан бұл жерде амфитеатрды, жағалауды және спорт алаңдарын біріктіретін жан-жақты кешен жасау қажет. Славский жағалауында заманауи абаттандыру мен жарықтандыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын орнату керек. Сонымен қатар, Пермитин көшесінен Славский жағалауына дейінгі көпір асты жолдың құрылысын шұғыл аяқтау қажет, – деді өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Ол жобаның жоспарланған мерзімде аяқталуы тиіс екенін атап өтті.

Облыс әкімі Қазақстан көшесінде салынып жатқан демалыс аймағына барды.

Қазақстан көшесін, сондай-ақ Пермитин және М. Горький (жұп жағындағы) көшелерін абаттандыру жобасына үш сектордан тұратын демалыс аймақтары енгізілген.

Қазақстан көшесінің бойында орналасқан түрлі дәмханалар мен "АДК" сауда үйінің жанында қосымша автотұрақтар жасап, жаяу жүргіншілерге арналған өтпе жол, ал автокөліктер үшін жол ашу қажет. Ол үшін бұл аумақты бұталар мен қоқыстардан тазартып, жол жиегіне ағаш отырғызып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу керек. Мұның бәрі тұрғындарымыздың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін қажет. Және ең бастысы – құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтау өте маңызды, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Следующая →