Өскемен
ясно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +28°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +28°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +26°
$
510.19
582.79
¥
71.08
6.46
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі ТМК-ға 24 млн теңге айыппұл салынды

ШҚО Экология департаменті Өскемен титан-магний комбинатына жоспардан тыс тексеріс жүргізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі ТМК-ға 24 млн теңге айыппұл салынды
Фото:
ШҚО Экология департаменті ұсынды

Тексеру барысында газ тазарту жабдықтарын пайдалану талаптарының сақталмағаны анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

2025 жылғы 19 мамырда "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ-да атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығуына байланысты орын алған оқиғаға орай, 2025 жылғы 20 мамыр мен 2 маусым аралығында Экология департаменті тарапынан жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында газ тазарту жабдықтарын пайдалану талаптарының сақталмағаны анықталды. Нормативтерге сәйкес, технологиялық жабдықтарды тек жобалық газ тазарту қондырғылары бар және олардың ақаусыз жұмыс істеуі жағдайында ғана пайдалануға рұқсат етіледі, - деп мәлімдеді ШҚО Экология департаменті. - 2025 жылғы 19 мамырда хлорлау жүйесінің газ өткізгішін жоспарлы алдын алу мақсатында тазарту кезінде қысқа мерзімді артық қысым түзіліп, қолданыстағы газтазарту жүйесін айналып өтіп, бу мен газ қоспасының атмосфераға шығарылуымен технологиялық апат орын алды. Кәсіпорынның ресми ақпаратына сәйкес, бұл оқиғаның ұзақтығы 2 сағатты құраған. Аталған фактіні тексеруге тартылған ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары растады.

Бөлек ластаушы көздерін тексеру барысында сынама алу нүктелерінің жабдықталуына қатысты сәйкессіздіктер анықталып, бұл өндірістік экологиялық бақылау жүргізу тәртібінің бұзылғанын және экологиялық деректердің шынайылығын қамтамасыз ету талаптарының сақталмағанын көрсетеді.

Тексеру нәтижелері бойынша Кәсіпорынға анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді, сондай-ақ осындай жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін шаралар әзірлеу және ұсыну, өнеркәсіптік шығарындылар көздеріндегі сынама алу нүктелерін сәйкестікке келтіру, әрі қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін газтазарту қондырғысының нақты параметрлерінің жобалық шешімдерге сәйкестігін анықтау мақсатында аспаптық өлшеулер жүргізу ұсынылды, - делінген департамент ақпаратында.

Жалпы салынған айыппұл сомасы шамамен 24 млн теңгені құрады. Нұсқамалар белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, Экология департаменті тарапынан қайта тексеру басталады.

Следующая →
Тақырыптар: Өскемен ТМК Айыппұл