ШҚО-да үш адам кене энцефалитін жұқтырған
Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстанда кене энцефалитінің 17 жағдайы тіркелді

Ең көбі Солтүстік Қазақстан облысында – 6 адам болса, ШҚО-да 3 адам жұқтырған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Сондай-ақ Ақмола облысында 4 адам зардап шекті, Алматы облысында – 2 адам, Павлодар облысында және Алматы қаласында 1 инфекция жағдайы тіркелді.
Алғашқы алты айда 8 840 адам, оның 3 444-і 14 жасқа дейінгі балалар кене шағып алғаннан кейін дәрігерлерге жүгінді. Зардап шеккендердің 88%-ы (7 736 адам) иммуноглобулинмен шұғыл профилактика алды. Қалған 12%-ы эндемиялық аймақтан тыс болу, кеш қаралу, өздігінен бас тарту, вакцинациялау және басқа да себептерге байланысты препаратты алған жоқ, - делінген министрлік ақпаратында.
Санэпид қызметтері кенеге қарсы өңдеудің көктемгі турын өткізді. 279 қолайсыз (ККГҚ бойынша эндемиялық) елді мекендердің айналасында санитариялық қорғау аймақтары құрылды.
Халыққа арналған ұсынымдар:
- дененің және киімнің ашық жерлерін өңдеу үшін репелленттерді қолданыңыз; жабық киім киіңіз: ұзын жеңді жейделер, шалбарды шұлыққа салыңыз, басыңызға орамал байлаңыз немесе капишон киіңіз;
- киім мен денені үнемі тексеріп отырыңыз;
- егер кене табылса, дереу медициналық ұйымға хабарласыңыз;
- өз бетінше алып тастаған кезде абай болыңыз: кенені бірден тартпаңыз, тұмсығын жұлып алғанда - оны тікен сияқты алып тастаңыз, шаққан жерді йодпен өңдеңіз, қолыңызды мұқият жуыңыз.