Өскемен
малооблачно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +32°
$
510.19
-1.48
582.79
+0.41
¥
71.08
-0.10
6.46
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімдігі өндіріс орындарымен экология мәселелері бойынша меморандумға қол қойды

Бұл құжатта қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) туындаған кезде және экологиялық төтенше жағдайларда әрекет ету шаралары қарастырылған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО әкімдігі өндіріс орындарымен экология мәселелері бойынша меморандумға қол қойды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Меморандум Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында бекітілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Құжатқа "Казцинк" ЖШС, "ТМК" АҚ, "ҮМЗ" АҚ, "Востокмашзавод", Өскемен май зауыты, сондай-ақ барлық жылу энергетика нысандары – Өскемен ЖЭО, Согра ЖЭО, "Шығыс жылу" АҚ қол қойды.

Меморандумға қол қою рәсімінің 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және экологтардың кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келуі – ерекше мәнге ие.

Өнеркәсіп орындарының басшыларына диалог пен бірлескен жұмысқа ашықтықтары үшін ризашылығымды білдіремін. Тек серіктестік, өзара сенім және тұрақты даму арқылы ғана өңіріміздің экологиялық әл-ауқатын сақтай аламыз. Қатысушыларды осы құжатпен шектеліп қалмай, бұл бағытта жүйелі жұмысты жалғастырып, ең озық қолжетімді технологияларды енгізуге, экологиялық жауапкершілік пен өндірістік мәдениетті арттыруға шақырамын, – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Меморандум ҚМЖ туындаған жағдайда, сондай-ақ экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде барлық тараптардың үйлестірілген іс-қимылдарын көздейді. Бұл – шығарындыларды жедел түрде азайту, ақпарат алмасудың ашықтығы, мониторингке қатысу және ең бастысы – қоршаған ортаны ластамауға бағытталған алдын алу шаралары.

Следующая →