Өскемен
ясно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +26°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +26°
  • Туркестан
    +24°
  • Шымкент
    +29°
$
510.19
582.79
¥
71.08
6.46
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Құрбан айт: Өскеменде қой бағасы 65-85 мың теңге аралығында

Ертең, 6 маусымда, күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі басталады

Усть-Каменогорск и ВКО / Құрбан айт: Өскеменде қой бағасы 65-85 мың теңге аралығында
Фото:
Өскемен қалалық әкімдігінен

Облыс бойынша арнайы 12 құрбан шалу орны белгіленді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өскеменде құрбандық шалу орны - былтырғыдай Атығай асуында. Ол Өскеменнен Ұлан ауданына шыға беріс жолда орналасқан.

ШҚО бойынша 150 қасапшы арнайы дайындалды

Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл да құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады. Құрбан айтқа орай qurban2025.kz сайты жұмыс істеп тұр. Яғни, құрбан шалу орнына бармай-ақ, малды онлайн таңдап, сойдырып алуға болады. Осы сайт арқылы мұқтаж отбасылар да өтініш қалдыра алады.

"Құрбан" араб тілінде "жақындау" деген сөзден шыққан. Шариғаттағы терминдік мағынасы - Аллаһ Тағаланың ризашылығына жақындау ниетімен Құрбан айт күндерінде құрбандыққа мал шалу және оның етінен мұқтаж жандарға тарату, - дейді ШҚО бас имамы Думан Нәдірұлы. – Құрбан айт мерекесі айт намазын оқудан басталады. ҚМДБ Пәтуа бөлімінің шешімімен айт намазы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 6 маусым күні таңғы сағат 7.00-де оқылады. Шариғи тұрғыда айт намазының уақыты күн найза бойы көтерілген уақыттан бастап, күн төбеге келгенге дейінгі уақыт (шамасы 11-ге дейін). Айт намазынан кейін құрбан шалу рәсіміне кірісуге болады.

Діни басқарма құрбан шалу орындарында мал соятын қасапшыларға алдын ала семинар өткізіп, шариғи тұрғыдағы мал союдың әдебі мен ережелері түсіндіріліп, сертификат тапсырған. Жалпы облыс бойынша 150-ге жуық қасапшының арнайы сертификаты бар болса, оның 40-ы Өскемен қаласында. Бұл қасапшылар құрбан шалу орындарында арнайы желеттермен жүреді. Санитарлар мен дін өкілдері тұрғындарға осы қасапшылардың көмегіне жүгінуді ескертеді.

Құрбандық сіздің ақыретіңіз үшін шалынатын мал болғандықтан оның еті ғана емес, терісі де, ішек-қарын, бас-сирағы да қасиетті. Сондықтан оны обалды қылмай, пайдалануға немесе мұқтаж жандарға үлестіріп беруге тырысу керек. Сол үшін құрбан шалу орнында облыстық мешіттің арнайы еріктілері жүреді.

Сондай-ақ мал сою орнында ветеринарлық бақылау бекеті қойылады. Сол жерде мамандар құрбандыққа әкелінген малды, оның құжаттарын және сойылған етті толық тексерістен өткізеді. Ветеринарлармен қатар санитарлар да барлық талаптардың қатаң сақталуын қадағалайды. 

Мереке қарсаңында халықтың тамақтан улану және ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауды ұсынамыз: құрбандыққа шалынатын малды арнайы орындарда ғана сою керек, сондай-ақ ветеринариялық құжаттарын тексеру; мал сою орындарында санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау (сумен жабдықтау, кәріз жүйелерінің болуы), мал сою барысында шыққан қалдықтарды уақтылы залалсыздандырып, шығару; қызметкерлерде медициналық кітапшалардың болуы, жеке бас гигиенасын қатаң сақтау. Бұл талаптар үй жағдайында да сақталуы керек, - дейді ШҚО СЭБД басшысының орынбасары Сәуле Уалинова. 

Кім құрбан шалуы керек және қандай мал шалынуы керек?

Құрбандық шалу дәстүрі – Ибраһим пайғамбардан (оған Алланың сәлемі болсын) сүннет болып қалған амал. 

Құрбандық шалу үшін мұсылман болу, жолаушы болмау, ақыл-есі дұрыс болу, балиғатқа толу және бақуатты (негізгі қажеттілігінен тыс 85 грамм алтынға тең ақша немесе осы құнға тең артық мүлікке ие болу) болу уәжіп. 

Ал құрбандыққа қой-ешкі, сиыр және түйе шалуға болады. Қой мен ешкі бір жасқа жетуі керек. Үлкендігі бір жасар қойға ұқсас алты айға толған семіз әрі ірі қойды да құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі. Ал ірі қара екі жасқа, түйе бес жасқа толуы шарт. Төрт мал құрбандыққа жарамайды: қылилығы айқын, ауруы анық, ақсақтығы мәлім, жілік майы таусылған (тым арық) малдар.

Қой мен ешкі бір адамның атынан бауыздалады. Бір адам екі қой бауыздаса, екеуі де құрбандық болады және екі құрбандықтың сауабын алады. Ал түйе мен ірі қараны бір адамнан жеті адамға дейін шалуға болады. Бұған Жабирдің (одан Алла разы болсын) "Алла елшісімен бірге Худайбияда бір түйені жеті адамның атынан және бір қарамалды жеті адамның атынан бауыздадық" деп айтқан сөзі дәлел. Мұнда жеті адамның да ниеті құрбандық шалу немесе етін садақа ету болу керек.

Жергілікті әкімдіктен мұқтаж отбасылардың тізімі алынды, тізімде 500-ге жуық адам бар. Құрбан шалу орнында қайырымдылыққа берілетін етті жинайтын мешіт қызметкерлері жүреді. Артынша мұқтаж жандарға үлестіріледі, - деді бас имам. – Қазіргі таңда құрбандық шалып, қайырымдылық жасаймыз деп халықтан ақша жинайтын, бірақ өз мүдделеріне пайдаланып кететін түрлі белгісіз қайырымдылық қорлар бар. Халыққа алаяқтардың арбауына түспеуді ескертеміз.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жылда Құрбан айт алдында кәсіпкерлерге үндеу жолдап, мал бағасын халыққа қолжетімді етуді сұрайды. 

Думан Нәдірұлы атап өткендей, мешіт өкілдері тарапынан құрбан шалу орындарына мал сатуға келгендерге қойдың бағасын 65-85 мың теңге аралығында, сиыр бағасын 450-550 мың аралығында ұстауға шарт қойылады. 

Следующая →