Өскемендіктер террористік акт кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алды
2016 жылы Ақтөбе қаласындағы №6655 әскери бөлімінде террористік акт болып, 7 адам қаза тапқан еді

Бүгін ҚР Ұлттық ұланының №5518 әскери бөлімінде "Мәңгілік сапта" ске алу акциясы өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шараның мақсаты – әскери борышын өтеу барысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін ұмытпай, олардың есімдерін мәңгілік есте сақтау, жастарға патриоттық тәрбие беру. Акция барысында бөлімнің жеке құрамы қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды, - деп мәлімдеді Шығыс өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Мұндай іс-шаралар – бейбітшілік пен тұрақтылықтың қадірін ұғындырумен қатар, Отан алдындағы борыштың маңыздылығын терең сезінуге септігін тигізеді. Ел үшін жанын қиған ерлердің есімі халқының жадында мәңгі сақталмақ.