Өскемен
малооблачно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +27°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +32°
$
510.19
-1.48
582.79
+0.41
¥
71.08
-0.10
6.46
-0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде әскери борышын өтеген 200-ге жуық сарбаз үйлеріне қайтты

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімінде екі жүзге жуық сарбаз Отан алдыңдағы борышын өтеп шықты

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде әскери борышын өтеген 200-ге жуық сарбаз үйлеріне қайтты
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Олар Ұлттық ұлан сапына Алматы, Абай, Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласынан шақыртылған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Әскери қызметшілердің айтуынша, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу кезінде моральдық, сондай-ақ физикалық жағынан шыңдалып, өздеріне жүктелген барлық қызметтік тапсырманы жоғары деңгейде орындаған.

Шығарып салу барысында қызметтегі үлгілі тәртібі үшін мерзімді әскери қызметшілерге алғыс хаттар табысталды.

Сарбаздардың біразы өмірлерін әскери саламен байланыстыруға ықылас танытуда. Әзірше сегіз азамат келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруға ниет білдірді. Сондай-ақ Отан алдындағы борышын абыроймен өтеген тоғыз сарбаз "әскери міндеттілер 2.0" сандық платформасы арқылы жоғары білім алудың таптырмас мүмкіндігіне ие болды. Әскери бөлім командирі тегін білім алу сертификатын сарбаздарды шығарып салу рәсімінде салтанатты түрде табыстады, - дейді әскери бөлім командирінің орынбасары майор Серік Ноғаев.

Отан алдындағы борышын мінсіз атқарған сарбаздың бірі Дәуренбек Тілеутай. Ол Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен білім алмақ. Университет қабырғасында шәкіртақы алатын сарбаздың білім ордасының жатақханасына орналасу мүмкіндігі де қарастырылған.

Әскери бөлімге сарбаздардың келесі легі Абай, Алматы, Павлодар, Жетісу өңірлерінен келеді.

Следующая →