Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +26°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +34°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +31°
$
511.67
-0.43
582.38
-1.26
¥
71.18
-0.05
6.53
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ахмер ауылындағы емхананың құрылысы неге тоқтап тұр?

Былтыр қазан айында Ахмер ауылында бір ауысымда 25 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы басталған болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Ахмер ауылындағы емхананың құрылысы неге тоқтап тұр?
Фото:
Устинка LIVE

Жергілікті тұрғындар соңғы он күнде құрылыс жұмыстары тоқтап тұрғанын айтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Емхананың ашылуын тағатсыздана күтіп жүрген жергілікті белсенділер мәселені көтеріп, қалалық әкімдік пен тілшілерге хабарласқан. Бүгін атқамінерлер құрылыс алаңына келіп, мәселенің мән-жайын түсіндірді.

Ахмердің өзінде 4 мыңға жуық халық тұрады, оның 2500-ге жуығы 14 жасқа дейінгі педиатр дәрігердің қарауында тұрған балалар. Мұндағылар дәрігерге қаралу үшін Меновное ауылына барады. Бір система, екпе алу үшін де тар емханада ұзын-сонар кезек күтуге мәжбүрміз, - дейді ауыл ақсақалы Қадылбек Серікбаев. – Ал жаңа амбулатория осы айда пайдалануға берілуі керек еді.

Ахмердегі дәрігерлік амбулатория

Нысанды "Oskemen Build" ЖШС салып жатыр. Бұл дәрігерлік амбулатория бір ауысымда 25 адамды қабылдамақ.

Құрылыс жұмыстары тоқтаған жоқ, қазір төбесін жабатын материалды күтіп отырмыз. Жалпы жұмыстар қараша айында басталды. Қазіргі таңда амбулатория құрылысының шамамен 60 пайызы аяқталып қалды. Жұмыстар тоқтап қалмас үшін өз қаражатымызға салып жатырмыз, осы уақытқа дейін 280 млн теңгедей шығындалдық, - дейді жоба жетекшісі Жігер Нурекенов.

Ахмер ауылы

Нысан құжатында құрылыс 2025 жылдың екінші тоқсанында (қаржыландыруға байланысты) аяқталады деп көрсетілген. Алайда ШҚО құрылыс басқармасының өкілі нысанның аяқталу мерзімінің бұлай нақты көрсетілмеуі дұрыс емес екенін айтады.

Жалпы жоба құны 680 млн теңге болса, оның 57 млн теңгесі бастапқы жұмыстарға бөлінген. Қазіргі таңда қаржыландыру көзі анықталуда, қалған қаржы не облыстық, не республикалық бюджеттен бөлінетін болады. Жергілікті белсенді тұрғындар бұл мәселемен облыс әкіміне де кірген. Облыс басшылығы хабардар, нысан ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп ойлаймыз, - деді ШҚО құрылыс басқармасының өкілі Ерназ Мұқатаев.

Көктемде қала әкімі Ахмер ауылының тұрғындарымен кездесуге келгенде емхананың саз батпақтың үстіне салынып жатқаны, еріген қар суы жайылып кетіп, аяқ алып жүру мүмкін болмай қалатыны да айтылған. Құрылыс басқармасының өкілі қалалық әкімдік бұл мәселені шешуді қолға алғанын жеткізді.

Следующая →