Өскемен
ясно
+36°
  • Өскемен
    +36°
  • Алматы
    +38°
  • Астана
    +28°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +30°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +35°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +34°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +34°
$
544.87
639.02
¥
76.02
6.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы өмірден өтті

Нұржан Жұмаділов ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте жүрген, мол тәжірибесі бар азамат еді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы өмірден өтті
Фото:
ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан

Жерлеу рәсімі 4 маусымда Астанада өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Нұржан Сайлаубекұлы 1969 жылдың қазан айында Абай облысы Аягөз ауданының Тарбағатай ауылында дүниеге келген. Өскемен құрылыс-жол институты мен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ды инженер-құрылысшы, экономика және бизнес бакалавры мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Аягөз ауданындағы ДЭУ-25-те жол шебері болып бастаған. Кейін прораб, ұйымның өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы болып еңбек етті.

2001 жылы "Қазақавтожол" РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының 71-жол пайдалану учаскесін басқарды.

2006 жылдан 2009 жылға дейін Автомобиль жолдары комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық департаментінде бөлім басшысы болып еңбек етті. Одан кейін 10 жылдан астам уақыт ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын басқарды. Біраз уақыт ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарды, кейін басқарма басшылығына қайтып оралды.

Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Следующая →