Кеше Риддер маңындағы орманда әйел адам адасып кеткен
Шөп жинау үшін орманға кеткен ол үйіне қайтып оралмаған

Бүгін құтқарушылар азаматшаны тапты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
1 маусым күні Риддер қаласынан 30 шақырым қашықтықтағы таулы жерлердегі орман алқабында 1954 жылғы әйел адам адасып кеткен, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. – Бүгін құтқарушылар оны тауып, жедел жәрдем бригадасына табыстады.
Әйел шөп жинау үшін орманға кетіп, үйіне оралмаған. Тәулік бойы онымен байланыс орнату мүмкін болмағандықтан жақындары құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Жоғалу туралы ақпарат келіп түскеннен кейін бірден ауқымды іздестіру-құтқару операциясы басталды. Аумақты әуеден тексеру үшін ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы тартылды. Сондай-ақ, құтқару топтары жұмылдырылды. Әуеден барлау барысында жоғалған адам орман алқабының ашық аумағынан табылды. Ол жедел жәрдем бригадасына табысталды, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.