Өскемен
ясно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +30°
  • Астана
    +31°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +29°
  • Көкшетау
    +31°
  • Қостанай
    +26°
  • Қызылорда
    +38°
  • Павлодар
    +29°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +34°
$
517.45
+5.01
598.59
+5.44
¥
72.04
+0.66
6.58
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде ерекше балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін орталық ашылды

"DEMEY" ресурстық орталығы тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды дамыту және оңалтумен айналысады

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде ерекше балаларға әлеуметтік қызмет көрсететін орталық ашылды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, мұнда өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар уақытша орналастырылып, оларға әлеуметтік-психологиялық қолдау, құқықтық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Орталықтың ашылуына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Мемлекет мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға тұрақты түрде көмек көрсетіп келеді. Бүгін біз әлеуметтік әріптестіктің лайықты үлгісін көріп отырмыз. "DEMEY" түзету орталығы мемлекеттік ғимараттан жаңа орын алып, жөндеу жұмыстары бюджет есебінен жүргізілді. Кәсіпкерлер жиһаздарды жаңартуға, заманауи дамыту құралдарын, жаттығу жабдықтарын сатып алуға өз үлестерін қосты. Бұл ерекше кеңістік балалар үшін даму, жарқын эмоциялар мен жаңа жетістіктер орны болсын, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Ресурстық орталық Тургенев көшесі, 30 мекенжайында орналасқан бұрынғы әкімшілік ғимаратында ашылғанын айта кеткен жөн.

Орталықта реабилитологтың кеңесі, емдік және бейімдік дене шынықтыру, логопед, дефектолог, нейропсихолог, эрготерапевт қызметтері, дамытушы сабақтар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды мектепке дайындау, түрлі үйірмелер (қолөнер, сурет салу) ұсынылады. Сонымен қатар, сенсорлық интеграция залы, релаксация бөлмесі, демалыс және ойын бөлмелері бар. Ерекше балалардың ата-аналары психологтың кеңесін ала алады.

Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды қолдау орталығында, дағдарыс бөлімшесінде психолог қызметі көрсетіледі, ұйықтайтын бөлмелер, өзін-өзі қамтамасыз етуге арналған жағдайлар, үш мезгіл тамақ, терапевт дәрігердің алғашқы тексеруі қарастырылған. Бұдан бөлек, мұндай отбасыларға жәрдемақы рәсімдеу және жұмыспен қамту бойынша көмек көрсетіледі.

ШҚО бойынша ерекше қажеттілігі бар 3615 бала бар, оның 2156-сы облыс орталығында тұрады. Оларға әлеуметтік төлемдер беріледі, арнайы әлеуметтік қызметтер, техникалық оңалту құралдары, үйде оқыту шығындарын өтеу көзделген. Қазіргі таңда 685 мүмкіндігі шектеулі бала арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы 134 балаға оңалту, білім беру, түзету қызметтері көрсетілуде.

Следующая →