Өскемен
ясно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +28°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +28°
  • Көкшетау
    +28°
  • Қостанай
    +27°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +25°
  • Петропавловск
    +28°
  • Тараз
    +26°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +29°
$
507.8
-0.62
580.82
+0.10
¥
70.66
-0.11
6.44
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Байқоңыр" ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл

1957 жылы Байқоңырдан жасанды жер серігі ұшырылып, 1961 жылы айлақтан тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин көк жүзіне аттанды

Новости Казахстана / "Байқоңыр" ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл
Фото:
t.me/aqorda_resmi

Содан бері Байқоңырдан мыңдаған жер серігі ұшырылып, ондаған миссия орындалды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ғарыш саласының қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтады.

Мұнда көрнекті ғалымдар, конструкторлар мен инженерлер жұмыс істеді. Ұлы жетістіктердің бастауында тұрған барлық маманға шексіз ризашылығымды білдіремін! – деді мемлекет басшысы. - Біз әлемдегі ең ірі ғарыш айлағының қазақ жерінде орналасқанын ерекше мақтан тұтамыз. Халқымыздың қаһарман ұлдары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов осы арадан космосқа аттанды. Еліміз халықаралық ғарышты игеру ісінің белсенді мүшесі саналады. "Байқоңыр" айлағы – Қазақстан мен Ресейдің достыққа, тату көршілікке және өзара түсіністікке негізделген ұзақмерзімді стратегиялық серіктестігінің жарқын көрінісі.

Президент соңғы онжылдықтарда Қазақстан ұлттық экономиканың дамуына ықпал ететін бірқатар ауқымды ғарыш жобаларын іске асырғанын атап өтті. Еліміз Байқоңырды халықаралық ынтымақтастықтың, ғылым мен білімнің және туризмнің орталығына айналдыруға ұмтылады. Ғарыш қызметінің жаңа нарықтарына шығу, жас инженерлердің, конструкторлар мен ғалымдардың әлеуетін арттыру жарқын болашаққа жол ашады.

Осы орайлы сәтті пайдаланып, Байқоңыр қаласының тұрғындарына айрықша алғыс айтқым келеді. Сіздер табанды еңбек етіп, ғарышты зерттеу ісінің ізашарларынан қалған мол мұраны мұқият сақтап келесіздер. Бұл – зор құрметке лайық. Ғарыш саласы бүкіл адамзатты әрдайым ортақ мақсатқа жұмылдырып, жаңашылдық пен ғылыми-техникалық прогреске бастайды. Байқоңыр алдағы уақытта да ұлы жаңалықтар мен озық инновациялардың қайнар көзі бола береді деп сенемін! Баршаңызға амандық және табыс тілеймін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Следующая →