Өскеменде "Қазселденқорғау" ШҚОФ бұрынғы басшысы сотталды
Ол жұмысқа бір адамның атын тіркеп, оның жалақысын өзі алып келген

Осылайша мемлекетке 3 млн теңгеге жуық шығын келтірген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдегендей, Шығыс Қазақстан облысында Өскемен қаласының № 2 сотында "Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау" ММ облыстық филиалының бұрынғы басшысына қатысты үкім жарияланды.
Ол қала тұрғынын филиалға жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,7 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген хабарламада. - Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.