Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +29°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +27°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +27°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +23°
  • Шымкент
    +22°
$
509.26
-3.40
574.75
-5.84
¥
70.86
-0.42
6.46
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жүк көліктерінің қозғалысына жазғы шектеулер енгізіледі

1 маусымнан бастап республикалық маңызы бар автожолдарда белгілі уақыттарда жүк көліктерінің жүруіне болмайды

Новости Казахстана / ШҚО-да жүк көліктерінің қозғалысына жазғы шектеулер енгізіледі
Фото:
t.me/qazavtojol

Жаз мезгілінде күннің ыстығында жол жамылғысын сақтауға және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін республикалық маңызы бар автожолдарда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ақпаратына сүйеніп.

Шектеу мерзімі:

  • еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде 1 маусымнан 31 тамызға дейін;
  • солтүстік және шығыс өңірлерінде 1 маусымнан 15 тамызға дейін.

Шектеулер +25°C жоғары ауа температурасы кезінде, күндізгі уақытта енгізіледі.

1 маусымнан 31 тамызға дейін сағат 10.00-22.00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:

  • Алматы облысы;
  • Атырау облысы;
  • Жамбыл облысы;
  • Жетісу облысы;
  • Ұлытау облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Қызылорда облысы;
  • Түркістан облысы;
  • Маңғыстау облысы.

1 маусымнан 15 тамызға дейін сағат 11.00-21.00 аралығында келесі аймақтарда қозғалысқа шектеу қойылады:

  • Абай облысы;
  • Ақмола облысы;
  • Ақтөбе облысы;
  • Шығыс Қазақстан облысы;
  • Батыс Қазақстан облысы;
  • Қарағанды облысы;
  • Қостанай облысы;
  • Павлодар облысы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы.

Шектеулер жол жамылғысын қорғау мақсатында енгізіледі. Жоғары температурада асфальт жамылғысы жұмсарып, ауыр жүктемеге төтеп бере алмайды. Бұл жол жабынының бұзылуына, ойықтар мен ақаулардың пайда болуына алып келеді, - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы.

Жазғы шектеулерді сақтау:

  • жолдардың қызмет ету мерзімін ұзартады;
  • жөндеу шығындарын азайтады;
  • жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Следующая →