Өскеменде аттракциондардың бағасы арзандады
"Металлург" паркіндегі аттракциондардың бағасы 500, 300, 200 теңгеге дейін төмендетілді

Өскемендіктердің шағымынан кейін кәсіпкерлер осындай шешімге келген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бірнеше күн бұрын Өскемен қаласының әкімі "Металлург" паркіне барып, саябақтың қазіргі жағдайымен танысқан және халықтың аттракцион бағаларына деген шағымын жеткізген болатын.
Парктегі орынды жалға алушылардың бірі Александр Измайлов сын ескеріліп, дереу шара қабылданған. Яғни, жалға алушылар мүмкіндігінше аттракциондардың бағасын арзандатқан. Бағалар 500, 300, 200 теңгеге дейін төмендеді.
Аттракциондардың қызмет шығыны, жөндеу жұмыстары, салық және жалақы шығындарына байланысты бағаны бұдан ары төмендету мүмкін емес, - деп атап өтті Александр Измайлов.
Алматыдағы "Фэнтези" паркіндегідей бірегей төлем картасын енгізу туралы ұсыныс тасталған болатын. Алайда "Фэнтезидің" иесі біреу, ал "Металлург" паркіндегі аттракцион орындарын жалға алушы 15 кәсіпкер бар. Егер бірегей карта болса, жиналған қаржыны оларға өзара бөлісу қиындық тудыратынды. Сондықтан мұндай жүйені енгізуі мүмкін емес.
"Металлург" паркі қалыпты режімде жұмысын жалғастырады. Кәсіпкерлер көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін басты назарда ұстауға уәде етті.