Өскемен
ясно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +31°
  • Астана
    +26°
  • Ақтөбе
    +25°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +28°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +28°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +36°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +39°
$
519.51
-0.06
611.83
-0.95
¥
72.54
-0.02
6.6
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады

Өскемен қаласында Сол жағалау кәріз тазарту құрылыстарын жаңғырту және заманауи қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салу жоспарлануда

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бұл жұмыстарды Қытай компаниясы атқармақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қытайдың экологиялық шешімдер саласындағы халықаралық көшбасшыларының бірі – CITIC Environment Investment Group компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Алдағы уақытта бұл ынтымақтастық тазарту нысандарын жаңғыртуға, қалдықтарды басқару бойынша жаңа технологияларды енгізуге және табиғатты тиімді пайдалану үлгілерін жүзеге асыруға бағытталады, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Келісім аясындағы алғашқы қадам ретінде Өскемен қаласында Сол жағалау кәріз тазарту құрылыстарын қайта жаңғырту және қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салу бойынша пилоттық жоба іске асырылады.

Аталған жоба өңірдің экологиялық қауіпсіздігін арттырып, қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және Шығыс Қазақстанда "жасыл" бастамаларды одан әрі дамытуға негіз болады деп күтілуде.

Следующая →