Шетел азаматы Өскеменде заңсыз такси қызметін көрсеткен
Жыл басынан бері ШҚО-да заңсыз жұмыс істеген 30-дан астам шетелдік азамат анықталған

ҚР заңын бұзған шетел азаматтары да, оларға жұмыс бергендер де айыппұл арқалайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО полицейлері жүргізуші жолаушыларды мобильді қосымша арқылы ресми рұқсатсыз тасымалдағанын анықтады.
Тексеру барысында көрші мемлекеттің азаматы Қазақстанға келгені және рұқсатсыз жеке көлігімен такси қызметімен айналысқаны, сол арқылы көші-қон және еңбек заңнамасын бұзғанын көрсетті, - деп мәлімдеді ШҚО ПД. - Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында заңсыз жұмыс істеген 30-дан астам шетелдік азамат анықталған. Сот шешімімен олардың әрқайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, жұмыс берушілер де жауапқа тартылып, оларға 30 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.