Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +26°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +27°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +29°
$
512.1
+0.73
583.64
-0.09
¥
71.23
+0.20
6.5
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі "Алтай" көтерме-тарату орталығы қашан ашылады?

Бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімін сақтау, өңдеу, тарату және төмендетілген бағамен өткізуге арналған жаңа заманауи нысан

Усть-Каменогорск и ВКО / Усть-Каменогорск / Өскемендегі "Алтай" көтерме-тарату орталығы қашан ашылады?
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

"Алтай" көтерме-тарату орталығын шілде айында ашу жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Бұл орталық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жүйесіндегі маңызды буын болмақ.

Мәселен, орталыққа 245–260 теңге аралығындағы бағамен 175 тонна картоп сатып алынды. Осы шаралар аясында "Ертіс" ӘКК" АҚ мен "A Store", "Дина" ОРК сауда желілері және Өскемен қаласындағы бірқатар дүкендер арасында картопқа сауда үстемесі 15%-дан аспайтын бағамен сату туралы меморандумдар жасалды.

Сонымен қатар, "Ертіс" ӘКК келесі серіктестермен көкөніс пен бакалея өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында қарыз беру туралы келісімдер жасады:

  • "Батай" шаруа қожалығымен – 386 млн теңгеге,
  • "Жаса и К" ЖШС-мен – 734 млн теңгеге,
  • "Мәді" ШҚ-мен – 388 млн теңгеге картопқа қатысты келісімдер.

Бағаларды бақылау мақсатында қала және аудан әкімдіктері күнделікті сауда үстемесінің 15%-дан асып кетпеуін қадағалау үшін мониторинг жүргізіп отырады. Облыс бойынша 1000-нан астам көтерме сауда өкілдері, сауда нысандары және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен 15%-дық сауда үстемесін сақтау жөнінде меморандумдар жасалған.

Жергілікті өндірушілерді қолдау мақсатында облыс аумағында 227 әлеуметтік бұрыш жұмыс істейді және 263 жеңілдетілген сауда орны нарықтар мен сауда орындарында тегін немесе төмен бағамен ұсынылған.

Бұл шаралардың барлығы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеуге бағытталған. Халықты қолдаудың маңызды бөлігі ретінде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Жыл басынан бері облыста 231 жәрмеңке өтіп, төмендетілген бағамен ет және көкөніс өнімдері сатылды. Жалпы сату көлемі 917,7 млн теңгені құрады. "Алтай" көтерме-тарату орталығының ашылуы өңір халқы үшін азық-түлік қолжетімділігін арттыруға және жабдықтау жүйесінің тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді, – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.


Следующая →