ШҚО-да кей дүкендер картоп, қарақұмық және сүт өнімдерін қымбатқа сатқан
Жыл басынан бері негізсіз баға көтеру бойынша 105 құқықбұзушылық анықталды

Бұл туралы ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ескертеді, хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
19 түрлі күнделікті қажет өнімдер (ұн, нан, май, ет, жарма, көкөніс, сүт өнімдері т.б.) - әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жатады. Мемлекет олардың қолжетімді болуын және бағасының 15%-дан артық көтерілмеуін қадағалайды. Заң бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салынады, - деп мәлімдеді департамент басшысы Асхат Сағидолдин.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік:
1. 1-сұрыпты бидай ұны2.1-сұрыпты ұннан жасалған бидай наны
3. Күнбағыс майы
4. Рожки өнімдері (өлшенетін)
5. Сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі сүйегімен)
6. Тауық еті (жамбас және жіліншік сүйектерімен ет бөлігі)
7. Қарақұмық жармасы (өлшенетін)
8. Тазартылған күріш (өлшенетін)
9. Қант (ақ қант ұнтағы)
10. Тауық жұмыртқасы (бірінші санат)
11. Сәбіз
12. Пияз
13. Картоп
14. Орамжапырақ
15. Сары май (тұзсыз, майлылығы кемінде 72,5%, қоспасыз және өсімдік майларынсыз)
16. Айран (майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада)
17. Сүт (пастерленген, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада)
18. Сүзбе (майлылығы 5-9%)
19. Тұз (ас тұзы, "экстрадан" басқа).
Заң бұзылған жағдайда айыппұлдар қарастырылған:
- жеке тұлғалар мен шағын бизнес – 19 660 тг бастап,
- орта бизнес – 137 620 тг дейін,
- ірі бизнес – 589 800 тг және одан жоғары.
Сонымен қатар, дүкен сөрелерінде тауар бағасы нақты, теңгемен көрсетілуі тиіс. Бұл талап орындалмаса, кәсіпкерлерге әкімшілік шаралар қолданылады. Жыл басынан бері негізсіз баға көтеру бойынша 105 құқық бұзушылық анықталды. Негізінен картоп, қарақұмық және сүт өнімдеріне қатысты, - деді департамент басшысы.
Егер бағаның заңсыз өсуін байқасаңыз, шағыммен Департаментке немесе жергілікті әкімдікке жүгіне аласыз: 8 (7232) 26-72-07, 61-41-21, 60-15-14 (Өскемен қ., Крылов көш., 114).