Өскемен көшелеріне дыбыстық бағдаршамдар орнатылуда
Бұл бағдаршамдар зағиптар мен көзі нашар көретіндерге дыбыстық сигнал береді

Жаңа құрылғылар Ушанов алаңы маңындағы өткелдерді қоса алғанда, алты жаяу жүргінші өткелінде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бағдаршамдарда дыбыстық сигналдар мен жасыл шамның жанғаны жөнінде дауыстық хабарламалар қарастырылған. Бұл жаяу жүргіншілерге, әсіресе көру қабілеті бұзылған адамдарға жолдан қауіпсіз өтуге мүмкіндік береді, - деп мәлімдеді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі. - Дыбыстық құрылғылардың көмегімен олар қалалық ортада еркін бағдар алып, жолдан сенімді өте алады.