Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +28°
$
510.06
-3.68
566.32
-2.85
¥
70.84
-0.42
6.32
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде алғаш рет асабалар фестивалі өтті

"SHOWMEN FEST 2025" фестивалі жалпы Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде алғаш рет асабалар фестивалі өтті
Фото:
ШҚО әкімдігінен

Креативті индустрияны дамытуға бағытталған фестиваль асабалар мен шоу-мендерге арналды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Фестиваль алдында қатысушыларға белгілі event-сарапшылар – кәсіби жүргізуші әрі "Меховая 8/1" тобының солисі Қабдол Тілеков, әзілкештер Айбат Никулин мен Данияр Батырбаев шеберлік сабақтарын өткізді.

Фестивальдің басты мақсаты – қазіргі той бизнесіне тың серпін беріп, жүргізушілердің мәдениетін жаңа деңгейге көтеру.

Фестиваль беташар айтушылар сайысымен басталды. Бұл бөлімде Абылайхан Бақытұлы, Алпыс Жақиянов, Нұржан Қасенов сынды өнерпаздар өз шеберліктерін ортаға салды. Жалпы облыста 150-ге жуық асаба мен беташар айтушы тіркелсе, байқауға соның ішінен 25-тен астам қатысушы іріктеліп алынған.

Беташар – келінге тек туыстарды таныстырып қана қоймай, қазақы тәрбиені жеткізетін терең мазмұнды дәстүр. Асабалар тек көңіл көтеру емес, тәрбиелік бағытта да жұмыс істей алуы керек, – дейді қазылар алқасының мүшесі, әнші Әділ Тұрғанбаев.

Негізгі байқауға облыстың әр ауданынан келген 22 асаба қатысып, үш сағат бойы өнер көрсетті.

Қазылар шешімімен:

  • "Ең үздік шоу-мен" (500 000 теңге) – Зайсаннан келген Мәди Айтқабылов;
  • "Үздік асаба" – катонқарағайлық Нұржан Қасенов;
  • "Үздік беташар" – Алпыс Жақиянов;
  • "Көрермен көзайымы" – риддерлік Ольга Бахрамеева;
  • "Үздік импровизатор" – тағы бір зайсандық Мақсат Садықбаев атанды.

Осындай маңызды шараның дәл Шығыс Қазақстанда өтуі – үлкен жетістік. Облыс басшылығына және мәдениет басқармасына алғысымыз шексіз, – деді фестиваль қазыларының бірі, танымал жүргізуші Айбат Никулин.

Следующая →