Ертең Өскеменде ұлт ұстазы атанған қазақтың Қанипасын еске алу кеші өтеді
Биыл ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі, профессор Қанипа Бітібаева тірі болса, 80 жасқа келер еді

А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қанипа Омарғалиқызының 80 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қанипа Бітібаева – "Құрмет" орденінің, "Ы. Алтынсарин" төсбелгінің, бүкілодақтық Н. Крупская медалінің иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Республиканың "Ең үздік" ұстазы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Шығыс Қазақстан облысының, Тарбағатай ауданының "Құрметті азаматы".
Оның 200-ге тарта ғылыми-әдістемелік мақаласы, 41 кітабы жарық көрген. Ғалым-ұстаздың іс-тәжірибесі жөнінде бірнеше оқу фильмі түсіріліп, 2004 жылы "Дәуірдің дара ұстазы" атты кино-очерк жарияланған.
Аталмыш шараға осы "Егіз өрім" кітабының кейіпкерлері ұстаздың шәкірттері, әріптестері арнайы шақырылып отыр.
"Аңызға айналған ұстаз" атты еске алу кеші сағат 14.00-де басталады.