Өскемен қаласында абаттандыру жұмыстары жалғасуда
Биыл қала көшелері ғана емес, әлеуметтік маңызы бар нысандардың маңайы да абаттандырылмақ

Қазіргі уақытта Чехов, Горький және Нұрсагамбетов көшелерінде брусчатка төсеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО филармония маңындағы аумақты абаттандыру жұмыстары қатар жүріп жатыр. Бұл жер қала тұрғындары үшін ерекше маңызға ие – мереке және демалыс күндері мұнда адамдар жиі жиналады. Сондықтан бұл аумақты жаңарту қала келбетіне оң әсер етеді, - деп мәлімдеді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Гүл отырғызу жұмыстары да қарқынды жүруде. Көгалдандыру шаралары кезең-кезеңімен жүзеге асып, орталық көшелерден бөлек, аулалар мен тұрғын үй аумақтарын да қамтып жатыр.
Жалпы биылғы маусымда 38 учаскені абаттандыру жоспарланған. Қазіргі таңда олардың 10-ында жұмыстар басталып, бұл көрсеткіш күн сайын артып келеді. Мердігер ұйымдар бекітілген кесте мен жұмыс жоспарына сәйкес еңбек етуде.