ШҚО-да тағы екі жайлы мектеп салынып жатыр
Бірі Глубокое ауданында, екіншісі облыс орталығында

Қос білім ошағының да құрылысы маусым-шілде айларында аяқталмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша Опытное Поле ауылында 300 орындық, Өскемендегі ЖМК ауданында 600 орындық мектеп бой көтерді.
Опытное Поле ауылында 300 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын - нысанның дайындық деңгейі 88 пайызды құрайды. Оны маусым айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал 600 орынға арналған Есенберлин даңғылында салынып жатқан мектептің 67 пайызы дайын, құрылыс шілде айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
"Жайлы мектеп" жобасы бойынша өңірде 2100 орынға арналған бес заманауи мектеп салынып, пайдалануға берілді. Бұл білім беру мекемелері Өскемен қаласындағы Уәлиев пен Тимофеев көшелерінде, сондай-ақ Шемонаиха, Риддер қалаларында және Белоусовка кентінде ашылды.
Ұлттық жобаның мақсаты - өңірлерде қауіпсіз, қолжетімді және заманауи білім беру ортасын қалыптастыру. Жаңа мектептер арнайы жабдықталған кабинеттермен, шеберханалармен, спорт залдарымен және асханалармен қамтылған, олар энергия тиімділігі мен инклюзивтік талаптарға толық сәйкес келеді.