ШҚО-дағы әскери қызметшілер ардагерлерді құттықтады
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – бұл өткенге тағзым етіп, болашақ үшін бейбітшілікті сақтау қажеттігін түсінетін маңызды дата

Өскемендегі әскери қызметшілер тыл және соғыс ардагерлерін құттықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен гарнизонының бастығы, №27943 әскери бөлімінің командирі полковник Азамат Абикеновтың бастамасымен ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, әскери полиция қызметкерлері және ШҚО аумақтық бригадасының әскери қызметшілері тыл және соғыс ардагерлерін құттықтап, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.
Шенді азаматтар Құрмет Рахимов, Михаил Головатюк, Иосиф Зуев, Александра Саратовцева, Анастасия Светочева, Макар Харин, Евгений Волощенко сынды қариялардың үйіне арнайы барып, ілтипат көрсетті.