Ұлы Жеңіс рухы: 17 жасында қан майданға аттанды
Шығысқазақстандық соғыс ардагері Михаил Головатюк бүгінде 97 жаста

Жеңістің 80 жылдығына орай Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Умарбеков Ұлы Отан соғысы ардагері Михаил Яковлевичке арнайы барып, мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мерекелік атмосфераны ерекше сезіндіру үшін шағын оркестр ұйымдастырылып, соғыс жылдарындағы патриоттық әндер орындалды.
Жеңіске 80 жыл толып отыр. Бұл – тарихи маңызы зор, ерекше тағзым етуге лайық күн. Біз ардагерлердің жанқияр ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек. Бейбіт күннің бағасын білуге олар жол ашты. "AMANAT" партиясының "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады, – деді депутат Нұрлан Умарбеков.
Михаил Яковлевич 1927 жылдың 15 қазанында Иркутск облысындағы Кутулик ауылында дүниеге келген. Оны 1943 жылы, бар болғаны 16 жасында, еңбек армиясына шақырады. Сөйтіп ол Иркутскіден Байкалға дейін теміржол салуға аттанды. Ал 1944 жылдың қараша айында, ол 17-ге толмаса да әскерге шақырылды. Михаилды 579-шы атқыштар полкіне Қиыр Шығысқа жібереді. Мұнда ол автоматшы болып қызмет атқарды. Еуропадағы негізгі әскери іс-қимылдар аяқталып жатқанымен, Михаил милитаристік Жапонияға қарсы Маньчжуриядағы стратегиялық шабуылға қатысты. Михаил Головатюк қан майданнан аман оралып, отбасын құрып, 1951 жылы Өскеменге қоныс аударды. Мұнда түсті металлургия саласында 40 жылдан астам еңбек етіп, ел дамуына үлес қосқан азамат қазіргі таңда 97 жаста.