Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +22°
$
515.03
-2.13
584.82
-3.66
¥
70.67
-0.30
6.24
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде кітапсүйер жастар арасында пікірталас алаңы ұйымдастырылды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен  23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітілді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде кітапсүйер жастар арасында пікірталас алаңы ұйымдастырылды
Фото:
А.С. Пушкин атындағы кітапханадан

Осыған орай кітапсүйер жастар А.С.Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында жас ақын-жазушылармен кездесті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Басты мақсат - жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау.

Шараға қаладағы "Төр Алтайдың әдеби әлемі", "Кітаппен өскен мен", "Кітап ал" әдеби-шығармашылық топтарынан белсенді кітапсүйер жастары қатысты.

Шараның шымылдығын қаламыздағы белгілі балалар жазушысы Күлмай Сембайқызы ашып, кітап оқудың пайдасы және кітаптың маңыздылығы туралы айтып өтті. Жергілікті жас қаламгерлер және кітапсүйер жастар Қ. Дүргінбай, С. Қуанғанұлы, Ә. Әуезхан, Р. Асқарұлы, А. Досханұлы өздерінің өлеңдерін оқып, оқыған кітаптары жайында ой бөлісті.

Отбасымен кітап оқитын кітапхананың белсенді оқырмандары Шыңғыс Манарбекұлы мен Шырын Ардаққызы баланы кітап оқуға қалай қызықтыруға болатынын айтып өтті. Олар "Кітап оқуды қай форматта қалайсыз?", "Қандай жанрларды оқыған ұнайды?", "Сіз кітап таңдау кезінде кімнің ұсыныстарын  пайдаланасыз?", "Сіз кітапты  қандай мақсатпен оқисыз?", "Кітап оқу мәдениеті" деген сұрақтарды көпшілікпен бірге талқылады.

Следующая →