Өскемен
малооблачно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +17°
$
518.07
-3.46
595.21
-5.80
¥
70.84
-0.71
6.37
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Астана–Өскемен" бағытындағы Тальгода енді интернет бар

№67/68 "Астана–Өскемен" бағыты бойынша жүретін екінші пойызға спутниктік интернет қосылды

Усть-Каменогорск и ВКО / "Астана–Өскемен" бағытындағы Тальгода енді интернет бар
Фото:
t.me/PR_KTZh

Бұған дейін "Астана–Алматы" пойызында жоғары жылдамдық интернет қосылып, 24 мыңнан астам адам пайдаланды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Жаңа технология теміржол саласын цифрландыру шеңберінде "Жолаушылар тасымалы" АҚ мен Eutelsat OneWeb, Jusan Mobile және Kaztechnology компанияларының бірлескен серіктестігі аясында енгізілді. Talgo пойыздарындағы бұрыннан орнатылған мультимедиялық жабдық техникалық жағынан қайта бапталып, жолаушыларға Vputi.kz медиапорталымен қатар, интернетке де еркін қосыла алады.

OneWeb жүйесі төмен орбиталы спутниктердің көмегімен тіпті қолжетімсіз аумақтарда да тұрақты интернетпен қамтуға мүмкіндік береді. Қосылу жылдамдығы 100 Мбит/с-қа дейін жетеді. Байланыстың сенімділігі арнайы бейімделген жабдық арқылы қамтамасыз етіледі, ол пойыз қозғалысы кезінде және әлсіз желі аймақтарында да үздіксіз жұмыс істейді.

"Астана–Өскемен" бағыты - спутниктік интернетпен жабдықталған екінші Talgo пойызы. Бұл бастама - барлық 15 бағытты кезең-кезеңімен интернетпен қамтуды көздейтін кең ауқымды жоспарымыздың бір бөлігі. Біз саяхаттарды заманауи талаптарға сай, ақпарат пен байланысқа қолжетімділікті қамтамасыз ететіндей етіп дамытуға ұмтыламыз. Бұл жоба жолаушыларға байланыста қалып, әрі жұмыс істеп, әрі демалуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта Talgo пойыздарының барлық бағытын толық цифрлық сервистермен қамтуды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті "Жолаушылар тасымалы" АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.

Следующая →