Өскеменде "Шығыс агрофорумы" өтеді
Ауыл шаруашылығы техникасының заманауи үлгілері, түрлі тұқым түрлері мен тың технологиялар көрсетіледі

Оған ауылшаруашылық саласының мамандары мен кәсіпкерлер шақырылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Агрофорум 30 сәуір күні Өскеменде (Қазақстан көшесі, 55) өтеді.
Агрофорум барысында көрме ұйымдастырылады, сондай-ақ ауылшаруашылық саласының мамандары өзара тәжібрибе алмасып, өзара байланыс орната алады.
Агрофорумға сүтті және аралас тұқымдарының республикалық палатасының атқарушы директоры Азамат Сағынбаев, Ұлттық майлы дақылдарды қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимов және ғылыми ұйымдардың мүшелері қатысады, - деп хабарлады ШҚО Ауыл шаруашылық басқармасы.