Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Өскемен гарнизоны №27943 әскери бөлімінің үш сержанты 80 шақырымды еңсерді
Қуат Қасымов, Данияр Сапаралиев және Санат Қазбеков таң ата Жарма ауданындағы Сұлусары ауылынан шығып, Өскемендегі Жаңа Ахмер кентіндегі әскери бөлімге дейін 80 шақырым жүгіріп келді. Әскери қызметшілер бұл қашықтықты 8 сағат 24 минутта еңсерген.
Бұндай марафон ұйымдастырудағы мақсатымыз – Жеңістің 80 жылдығына деген құрметімізді көрсету. Әр шақырым біз үшін жауынгерлердің ерлігін, табандылығын еске түсірді. Батырлардың рухы бізге күш беріп отырды, – деді 3-сынып сержанты Данияр Сапаралиев.
![]()
Бұл марафон тек спорттық жетістік қана емес, Отан үшін жанын қиған батырларды еске алудың жарқын үлгісі болды. Жол бойында сарбаздар Ұлы Жеңістің маңызын, бейбіт күннің қадірін және әскери борыштың жауапкершілігін тағы бір мәрте сезінді.