Өскемен
ясно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +25°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +24°
$
510.81
+1.55
578.59
+3.84
¥
71.01
+0.15
6.51
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шығыста ұландықтар "Таза Қазақстан" акциясына атсалысты

Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімінің сарбаздары республикалық "Таза Қазақстан" акциясына үлес қосуда

Усть-Каменогорск и ВКО / Шығыста ұландықтар "Таза Қазақстан" акциясына атсалысты
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметін

Айталық, №5518 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Өскемен қаласындағы "Жеңіс" мемориалдық кешенінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Қырыққа жуық әскери қызметші мемориалға қарасты аумақты тазартып, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарына білек сыбана кірісті.

Ал "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты №6699 бөлімінің әскери қызметшілері республикалық акция аясында әскери қалашық ауласын тазартып, сарғайған жапырақтар мен қоқысты жинап, әскери нысан аумағын қалыпқа келтірді. Сонымен қатар, әскери бөлімге іргелес жатқан аумақтар да ұландықтар назарынан тыс қалмады.

Аталмыш акция аясында жұмыс қызу жүріп жатыр. Тырма, күрек және көтеріңкі көңіл-күймен қаруланған әскери қызметшілер аумақты былтырғы жапырақтардан тазартып, құрғақ бұтақтарды кесіп, көгалдарды қопсытты. Дәстүрлі түрде әскери бөлім аумағында да, оның сыртында да жас көшеттер отырғызылды. Жеке құрам мұндай іс-шараларға үлкен ынтамен қарайды, - дейді №6699 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің аға көмекшісі майор Нұрбек Жукубаев.

Следующая →