ШҚО-да 360 адамды кене шаққан
Медициналық көмекке жүгінгендердің арасында 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі 31%-ды құрайды

Кене энцефалитінің табиғи ошағы – Глубокое, Зайсан, Алтай, Катонқарағай, Самар, Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының маңайы, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО СЭБД ақпаратына сүйенсек, 16 сәуір күнгі жағдай бойынша облыстың эндемиялық аумақтарында кене шағып медициналық көмекке барлығы 360 адам жүгінген.
Аурудың алдын алу мақсатында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді кене шағудан зардап шеккен 92% адам алды, - деп мәлімдеді ШҚО СЭБД баспасөз қызметі. - Қалғандары 8% (30 – адам) түрлі себептермен, яғни медициналық көмекке кеш жүгіну (12), өздігінен бас тарту (4), екпе егілгендер (2) және эндемиялық аумаққа жатпайтын елді мекенде кене шағуына байланысты серопрофилактикамен қамтылмаған. Ағымдағы кезеңде облыс аумағында кене тарататын жұқпалы аурумен ауырған науқастар тіркелген жоқ. Көп жылғы эпидемиологиялық талдаудың нәтижесі бойынша ШҚО аумағында алғашқы аурушаңдық жағдайлары мамыр айынан бастап тіркеледі.
Облыстың эндемиялық аумақтарында Қазіргі уақытта эндемиялық аумақтардың эпидемиологиялық кезеңде медициналық ұйымдар базасында (травмпунктерде) кене шағудан зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсету үшін серопрофилактика пунктері құрылған.
Өскемен қаласы бойынша:
- ересек тұрғындар үшін –"№4 қалалық аурухана" ШЖҚ КМК (Серікбаев көшесі, 1/5).
- балалар үшін - "Ана мен бала орталығы" ШЖҚ КМК (Қазбек би даңғылы, 11).
Медициналық ұйымдарында кене шағудан зардап шеккен адамдарға аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті мөлшерде бар.