Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да балық аулауға тыйым салынды

Көктемгі уылдырық шашу кезеңінде өңірінде балық аулауға уақытша тыйым салынды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да балық аулауға тыйым салынды
Фото:
pexels

Өңірде уылдырық шашу кезеңі 16 сәуірден басталадыы, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Зайсан көлінде және Қарақастан бірінші Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының көл-өзен бөлігінде 16 сәуiрден 30 мамырға дейін, бірінші Батин шоқысынан Бұқтырма СЭС дейiн Бұқтырма су қоймасының терең бөлігінде 1 мамырдан 15 маусымды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салынады, - деді ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Мерхат Амиров.

Бұған қоса, Өскемен су қоймасында, Ертіс өзені Өскемен СЭС-нан Шүлбі су қоймасына дейін 10 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы, Шүлбі су қоймасында, Ертіс өзенінде Шүлбі СЭС-нан Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейін 16 сәуірден 30 мамыр аралығында балық аулауға болмайды. Бұл шектеулер табиғи көбею үдерісін сақтау үшін енгізіліп отыр.

Мұндай кешенді шаралар Қазақстандағы балық шаруашылығын жүйелі дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатпен тығыз байланысты. Себебі табиғи су айдындарындағы балық қоры шектеулі болғандықтан, қазіргі таңда мемлекет пен сала мамандары жасанды балық өсіруге бет бұрып отыр.

Осы мақсатта 2021–2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы қабылданып, нәтижесінде көптеген шаруашылықтар акваөсірумен айналыса бастады. Мәселен, 2024 жылдың өзінде Ертіс бассейнінде 2671 тонна тауарлық балық өндірілген, бұл көрсеткіш жылдан жылға артып келеді.

Следующая →