Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Сенаторлар кеңесінің мүшелері ШҚО-ға келді

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында олар облыстағы бірқатар кәсіпорындар мен оқу орындарын аралап көрмек

Усть-Каменогорск и ВКО / Сенаторлар кеңесінің мүшелері ШҚО-ға келді
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметінен

Шығыс Қазақстан облысына Сенат жанындағы Сенаторлар кеңесінің 11 мүшесі келді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚП Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды.

Бүгінде ШҚО экономикасының негізін машина жасау, металлургия, ауыл шаруашылығы және құрылыс салалары құрайды. Осы салаларды кадрлармен қамтамасыз ету – басты мақсатымыз, – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Облыстың 38 колледжінде 20 мыңнан астам студент 101 сұранысқа ие мамандық бойынша білім алуда, олардың төрттен бірі жұмысшы мамандықтары бойынша оқиды. Өңірде дуалды оқыту жүйесі енгізілуде – 27 колледжде және 448 кәсіпорында 5 мың студент білімін тікелей өндірісте алуда.

Өңірдегі кадр мәселесін жүйелі түрде шешу үшін 2024 жылдан бастап алғаш рет "Шығыс маманы" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасын іске қостық. Бағдарлама ең алдымен жылу энергетикасы саласындағы мамандарға арналған. Бұл – бір жағынан еңбекке ынталандыру болса, екінші жағынан өңірге кадр тартудың тиімді құралы. Бағдарламаның нәтижесі оң болған жағдайда, оны кеңейту жоспарлануда, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Бағдарлама аясында Сенаторлар кеңесінің мүшелері облыстың депутаттар корпусымен кездесіп, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Лу Бань шеберханасында болды.

Қазіргі уақытта мұнда "Көлік, көлік техникасы және технологиялары", "Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану" білім беру бағдарламалары бойынша 400-ге жуық студент пен магистрант білім алуда, олардың қатарында шетелдік студенттер де бар.

Орталықтың мақсаты – автомобиль жүйелерін жетілдіру үшін озық технологияларды әзірлеу және енгізу. Мұнда ғылыми зерттеулер жүргізу, интеллектуалды жүйе технологияларын оқыту, техникалық мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азияда интеллектуалды жүйе технологияларын енгізу және ілгерілету жоспарлануда.

Өткен жылы "Көлік машина жасауындағы смарт-технологиялар мен жасанды интеллект" атты жаңа инновациялық білім беру бағдарламасы ашылды.

Лу Бань шеберханасы инженерлік тәжірибе инновациялық жобасының (EPIP – Engineering Practice Innovation Project) стандарттарына сәйкес инженерлерді даярлау бойынша сертификатталған орталық болып табылады.

Мұнда EPIP әдісімен инженерлік практикалық жобаларды оқытуға арналған кабинет және жаңа технологияларды әзірлеу бойынша стартап-идеяларды ілгерілету, жаңа электромобиль үлгілерін пилоттық тестілеу мақсатында студенттік ғылыми-білім беру үйірмесі құрылған.

Қазіргі уақытта "SMART Driving Technology" жаңа нысанының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, келісім аясында Қытай серіктестері тарапынан жалпы құны шамамен 3 млн юань болатын 6 электромобиль, оның ішінде 2 жүргізушісіз көлік берілмек.

Жұмыс сапары аясында Сенаторлар кеңесінің мүшелері сондай-ақ Өскемен жоғарғы политехникалық колледжін, "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ мен "ВОСТОК-МОЛОКО" ЖШС-ны аралайды.

Следующая →