Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алаяқтар Ұлттық банк қызметкерлерінің атын жамылып жүр

Заманауи технология - жасанды интелект енді алаяқтардың да құралына айналды

Новости Казахстана / Алаяқтар Ұлттық банк қызметкерлерінің атын жамылып жүр
Фото:
pexels

Олар ЖИ-ді пайдаланып, банк қызметкерлері болып хабарласа бастаған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Алаяқтар заман ағымынан қалмай, нейрожелілерді қолданып, дипфейк жасап, "тегін заңгер көмегі" мен "тиімді инвестиция" туралы жалған жарнамалар таратып жүр.

Ұлттық банктің атынан байланысқа шыққанда алаяқтар азаматтарға "кредиттік шоты" барын немесе кредит қарызын өтеу керек екенін хабарлап, жалған хат жібереді. Сенімге кіру үшін жалған құжаттарға Ұлттық банктің "уәкілетті тұлғасы" қойған қолын, аты-жөні мен мөрін басады. Қаскөйлер мұндай жалған мәліметтерді азаматтарға ақша аудартып, қаражатын ұрлау үшін де ұсынады, - деп мәлімдеді ҚҰБ баспасөз қызметі. - Сондай-ақ, олар Ұлттық банк қызметкерінің бет-бейнесін қолдана отырып, жалған бейнероликтер жасау үшін жасанды интеллект технологияларын пайдаланады. Бұл ретте алаяқтар әлеуметтік желілерде жалған инвестициялық компаниялар туралы және ұрланған ақшаларды қайтару жөнінде тегін заңгерлік көмек көрсетеміз деп жарнама орналастырып жүр.

Осыған байланысты Ұлттық банк азаматтарды қырағы болуға, күмәнді шоттарға ақша жібермеуге, дәйексіз хабарламалар мен тексерілмеген құжаттарға сенбеуге шақырады.

Ұлттық Банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, азаматтарға кредит берумен айналыспайтынын, заңгерлік қызмет көрсетпейтінін, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырысу жүргізбейтінін еске салады.

Кеңес алу үшін Ұлттық банктің байланыс орталығына 1477 қысқа нөміріне хабарласуға болады.

Следующая →