Астана мен Өскемен арасындағы әуе рейстерінің кестесі өзгереді

Бұл Астана әуежайындағы әскери парадқа дайындыққа байланысты

Усть-Каменогорск и ВКО / Астана мен Өскемен арасындағы әуе рейстерінің кестесі өзгереді
Фото:
t.me/PR_AirAstana

Өзгерістер келесі аптадан бастап, 7 мамырға дейін сақталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, елордада 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі.

Осыған байланысты жолаушылар сапарларын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеріп, әуе компания мен әуежайдың ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеруі керек.

Өзгерістер Астанадан Алматыға, Өскеменге, Франкфуртке және Дохаға, сондай-ақ Алматыдан, Атыраудан, Қостанайдан, Өскеменнен, Франкфурттен, Сеулден және Дохадан Астанаға ұшатын рейстерге әсер етеді. Өзгерістерге ұшыраған рейстердің жолаушылары брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы хабардар етіледі, - деп ексертті Air Astana әуе компаниясы.

Ақпарат алу үшін:

  • Air Astana: Алматы: + 7 (727) 244 44 77; Астана: + 7 (7172) 58 44 77; қосымша тел.: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77
  • SCAT +7 (7252) 99 88 80
  • Qazaq Air +7 (727) 356 14 14
  • FlyArystan +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp)
  • Астана әуежайы +7 (7172) 702–999
Следующая →