Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі жөнделіп жатқан жолдардың сапасы қала әкімінің қатаң бақылауында

Биыл облыс орталығында жалпы ұзындығы 17 шақырымды құрайтын 18 жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі жөнделіп жатқан жолдардың сапасы қала әкімінің қатаң бақылауында
Фото:
Өскемен қалалық әкімдігінен

Бұған қосымша ұзындығы 7,7 шақырым болатын тағы 17 учаске тізімге енгізілген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Айта кеткен жөн, жөндеуден өтетін көшелер тізімі тұрғындардың өтініштері мен кездесулер нәтижесінде толықтырылып отырады.

Өскемен қаласының әкімі Алмат Акышов қала жолдарын жөндеуге жауапты мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Жиын барысында қала басшысы атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына қатаң бақылау орнату, бекітілген мерзімдерді бұлжытпай орындау және тұрғындардан келіп түсетін шағымдарға жедел әрекет ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Әрбір мердігер ұйым мынаны нақты түсінуі керек: жұмыстар тек тиісті стандарттарға толық сәйкес келген жағдайда ғана қабылданады. Жөндеу мерзімдерінің орындалуын өзім жеке бақылауда ұстаймын, – деді Алмат Акышов.

Қазіргі таңда қалада шұңқырларды жамау жұмыстары жүргізілуде. Жоспарланған 145 учаскенің 1352 шаршы метрі жөнделіп үлгерді.

Следующая →