ШҚО-да жылу беру осы аптадан бастап тоқтатыла бастады
Алтай ауданында күннің суығына байланысты жылу тек мамыр айында өшіріледі

Жылу беруді тоқтату туралы шешімді қала және аудан әкімдіктері қабылдайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына (2023 жылғы 15 желтоқсандағы облыстық мәслихат шешімімен бекітілген) сәйкес, жылыту маусымының аяқталуы туралы шешімді қала және аудан әкімдіктері сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8°С – +10°С аралығында 3–5 тәулік бойы тұрақты сақталған жағдайда қабылдайды.
ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәлімдеуінше:
- Ұлан ауданында жылу жүйесін 2024 жылғы 13 сәуірден бастап кезең-кезеңімен ажырату басталды.
- Алтай ауданында ауа райының суық болуына байланысты жылыту маусымы мамыр айының басында аяқталады деп күтілуде.
- Басқа аудандарда жылу беруді тоқтату жұмыстары ағымдағы жылдың 20 сәуірінен кейін жергілікті атқарушы органдармен қабылданған шешімдерге сәйкес жүзеге асырылады.