Өскемендік футболшылар Екібастұз командасымен кездеседі
Өскеменде Қазақстан Республикасы Бірінші лига командалары арасындағы чемпионаттың екінші тур ойыны өтеді

Өз алаңында "Алтай Өскемен" футбол клубы Павлодар облысының "Екібастұз" командасын қабылдайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
18 сәуір күні сағат 14.00-де Өскемен қаласындағы "Восток" стадионында Қазақстан Республикасы Бірінші лига командалары арасындағы чемпионаттың екінші тур ойыны өтеді. Өз алаңында "Алтай Өскемен" футбол клубы Павлодар облысының "Екібастұз" командасын қабылдайды.
"Алтай Өскемен" үшін бұл жаңа маусымдағы алғашқы үйдегі матч. Матч шиеленісті әрі қызықты өтпек. Өйткені қос команда да маусым басынан-ақ турнирлік кестеде жоғары орындар үшін табанды күрес жүргізуге ниетті.
Ойынды тегін тамашалауға болатынын айта кетейік.