Өскемен
облачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +27°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +18°
  • Қызылорда
    +34°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +29°
$
506.21
-3.85
568.42
+2.10
¥
70.27
-0.57
6.3
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 5 теміржол вокзалы қайта жаңартылады

Кеше Қазақстан бойынша 125 теміржол вокзалы мен оларға іргелес аумақтарды жаңарту жөніндегі кең ауқымды бағдарлама ресми түрде басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 5 теміржол вокзалы қайта жаңартылады
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Вокзалдардың инфрақұрылымы заманауи талаптарға сай келтіріліп, жолаушыларға жайлы жағдай жасалады. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың 25 қазанына дейін аяқталуы керек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында бұл бағдарлама аясында бес вокзал жаңғыртылады. Олардың қатарында облыс орталығының негізгі көлік нысаны – "Өскемен-1" вокзалы, сондай-ақ туристік бағыттар үшін маңызды "Алтай", "Күмістау", "Риддер" және "Шемонаиха" вокзалдары бар.

Жөндеу және қайта жаңарту жұмыстарын уақтылы әрі сапалы орындау мақсатында "Қазақстан теміржолы" Ұлттық компаниясы тәжірибесі мол және қажетті ресурстармен қамтамасыз етілген мердігерлік ұйымдарды тартты.

"Өскемен-1" вокзалы тәулігіне мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Вокзал салынған уақыттан бері күрделі жөндеу көрмеген. Жаңғырту нәтижесінде ғимарат заманауи бейнеге ие болады, күту залы кеңейтіледі, конкорстық өткел салынып, жаяу жүргіншілер көпірі жөнделеді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қолжетімділік те елеулі түрде жақсарады.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында тұрақты түрде 6 жолаушылар пойызы қатынайды: 351/352 – Алматы-2 – Өскемен-1, 67/68 – Астана – Өскемен-1, 641/642 – Өскемен-1 – Алтай, 6983/6984 – Өскемен-1 – Риддер, 407/408 – Риддер – Новосибирск, 459/460 – Өскемен-1 – Жалаңашкөл (жазғы кезеңде).

Жолаушылар ағынының жыл сайынғы көлемі жылына 360 мыңнан астам жолаушыны құрайды. Облысішілік жолаушылар пойыздарыныңқатынауы облыстық бюджеттен субсидиялауесебінен жүзеге асырылады, тасымалдарды субсидиялау көлемі жылына 470 млн теңгеден асады.

Следующая →