Өскеменде Ғашықтар күніне орай зияткерлік сайыс өтеді
Интеллектуалдық ойын облыс орталығында тұрған елдегі ең үлкен киіз үй ішінде болады

15 сәуір - "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" күні, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ғашықтар мерекесіне орай @east_iler ұлттық-патриоттық қорының ұйымдастыруымен және Өскемен қалалық мәдениет бөлімінің қолдауымен Etno Quiz зияткерлер ойыны өтеді. Қатысушыларға сыйлықтар үлестіріліп, мерекелік ән шашу да болады, - деп хабарлайды Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімі.
Ойын сағаи 19.00-де басталады, қатысу тегін. Орын саны шектеулі. Тіркелу үшін команда атауын @oskemen_sayasat парақшасындағы жарияланып астындағы пікірге жазу керек.